99 человек за последний час интересовались этим событием.
Nomad City Hall

«Ай-Нұр» әлемі

Купить билеты

ay-nur-alem

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Nomad City Hall

Өтетін күні: 2 наурыз

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жас санаты: 12+

Қосымша: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы Айнұр Бермұхамбетованың шығармашылығына арналған концерт-спектакль.
Концерт-спектакль театр оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері - Халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бейсембаев

 

«Театр-адам жанын кереметтей әсерге бөлеп, жарқын күндерге жетелейтін тылсым күш. Сахнаға аяқ басқанда шексіз кеңістікке бет алып, бұлттардың биігінде қалықтап бара жатамыз. Сахна-ұққан жанға сырын ашады, сахнаның безендірілген әлемінде әр шамның, мына шымылдықтың, сахнадағы әр заттың мақсаты бар, олар үн қатады, Олар да бізбен бірге ән айтады, сөйлейді, олар да бізбен бірге сіздермен сырласады.Осы кеште сиқырлы да тылсым театр әлеміне, Шекспир мен Мольер, Әуезов пен Мүсрепов әлеміне бірге сапар шегуге шақырамын...»

Билет қайтару шарттары: танысу