Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

«Ай-Нұр» әлемі

«Ай-Нұр» әлемі/ Театр им. К. Куанышбаева

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Nomad City Hall

Өтетін күні: 2 наурыз

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жас санаты: 12+

Қосымша: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы Айнұр Бермұхамбетованың шығармашылығына арналған концерт-спектакль.
Концерт-спектакль театр оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері - Халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бейсембаев

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Театр жылы»  жобасы аясында  2 наурыз, сағат:19.00-де  «Nomad City Hall» залында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актриса Айнұр Бермұхамбетованың «АЙ-НҰР ӘЛЕМІ» атты  концерт-спектаклі өтеді.

Айнұр Болатқызы Бермұхамбетова – танымал театр және кино артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Театр өнері және өнертану» факультетінің доценті.   

1998 жылдан Нұр-Сұлтан қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында белді актрисаның бірі ретінде қызмет атқарып келеді. Отандық және шетелдік шығармалардағы түрлі характердегі әйелдер бейнесінің жиынтығын сомдап жүр. Талғампаз, іздемпаз, талантты актриса ретінде бірнеше Халықаралық, республикалық театр фестивальдерінің «Үздік актриса» номинация иегері. Өнердегі еңбегі жоғары бағаланып 2016 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.  

Дубляж саласында да жасап жатқан еңбегі зор. «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Disney» компаниясы фильмдерінің дубляж режиссері және музыкалық редактор қызметін атқарады.

Айнұр Болатқызы – қазақ тілін дамыту мақсатында Қазақ Ұлттық Телерадио компаниясына, «ҚазСпорт» арнасы, «Шалқар», «Қазақ радиосы», «Астана» радиоларында  тіл техникасы бойынша шеберлік сағаттарын жүргізеді.

Театр мен музыканы бір арнаға тоғыстырған әдемі кештің иесі актриса Айнұр Болатқызының  сырлы сахнада еңбек етіп жүргеніне жиырма жылдан астам уақыт өтіпті.

Ай-Нұр әлемі – актриса әлемі ...
Сағынышқа толы хаттар ...
Әлемдік мюзикльдерге саяхат ...
Қилы тағдырларға толы театр әлемі ...
Сан түрлі үндер үйлескен дубляж ғаламы ...
Актриса үнімен өзгеше өрнек тапқан әлемдік музыкалық туындылар ...

Кеш қонақтары - Айгүл Иманбаева, Нүркен Өтеуілов, Сайлау Камиев, Қуандық Қыстықбаев, Олжас Жақыпбек, Шах-Мұрат Ордабаев, Жасұлан Ерболат және театрдың вокалдық хоры.

Хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев.

Кеш театрдың камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Бас дирижері: Е. Бейсембаев.

Музыка құдыретіне бас иіп, хас сұлудың көз жасындай сұлу өнер театрға тағы бір тамсаныңыз! Өнер иесінің өнегелі әлеміне көз салуға баршаңызды шақырамыз!

Билет қайтару шарттары: танысу