Концерт группы П****ФИЛЬМЫ
98 человек за последний час интересовались этим событием.
Театр им. И. Омарова

Құдалар

Купить билеты

Құдалар / Театр Омарова

Өтетін орыны: Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры

Премьера күні: 27.04.2019

Автор: М. Байжиев

Режиссёр: Қайыпберген Есенғұлов

Актерлар:

Жанр: комедия

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

«Қазақ осы – құда бол деп қинайтын, құдаларын Құдайындай сыйлайтын». Әйткенмен, заманына қарай адамы, бұл жолғы құдалықтың жөні сәл басқалау...

            Ақ босаға аттағалы тұрған қалыңдықтан ұлттық әдет-ғұрыпты жетік білуді талап етеді. Себебі, жігіттің ата-анасы инабатты, қазақтың жөн-жоралғысын, дәстүр-салтын жетік білетін келін түсіруді армандаған еді. Оқиғаға екі жақтың үлкендерінің араласуына тура келеді. Құдалар мықтылығын көрсетуге тырысып, мақтанады, қыз жағы қалыңмалдың құнын асыра сұрайды, бір-біріне орындалуы қиын уәделер береді. Бірақ, мал-мүлік, қаражат, құдалардың бәсекесі, жастардың сезімін сынағанмен, олардың махаббатына кедергі бола алмады.  Шым-шытырық шиеленіс, қызықты тартыс «Құдалар» комедиясының негізгі өзегі. Қойылым күлдіре отырып ой салады, берер ғибраты мол, қазақы әзіл-қалжыңға толы.