
«Нартәуекел»
Описание
Ел ішіндегі алауыздықты тиып, бар мақсатты асқақ арман мен ұлы мұрат жолына бұра білу асқан даналық пен кемеңгерлікті талап етеді. Абылай арманының басты тіні осында қазақтың іргелі де біртұтас, қуатты ел болуы.
Сабалаққа үш жүздің басын қосқызып, хан Абылай биігіне көтерген де осы күш Қазақтай қасиетті халық алындағы ғұмырлық парыз бен азаматтық борыш болатын. Нартәуекел наркескен намыс еді.
Батыр баба ұран еткен азаттық, ұлттың біртұтастығы дейтін ұлы мақсат әлі де өз тұғырында. Ел бағына туған сақа саясаткердің мәңгілік мұрат жолында орнықтырған ішкі-сыртқы саясатты жүргізудегі бейбіт келісімдері мен көреген шешімдері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның негізгі алғышарты, басты тірегі.
Егемендіктің ширек ғасыр биігінен көз тігіп, жаңа заман өлшеміне сай, Жастар тілінде үн қатар қойылымның театрсүйер қауымға ұсынар жаңалығы мол.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Абылай Әділ АХМЕТОВ
Сабалақ, Әбілмансұр Шыңғыс ЖАҚЫПБАЙ
Кейуана (Бұхар) Бахыт ХАДЖИБАЕВ
Дәурен СЕРҒАЗИН
Диуана(Ораз Аталық)-Жандаулет БАТАЙ
Ойрат тайшылары:
Қалден Шері Ернар ЖҰМАТАЕВ
Лама Доржы және 1-ші ақ киімді адам Данияр УРАЗАЕВ
Сыбан Доржы және 1-ші ақ киімді адам Елдос ШАЙКЕНОВ
Дауашы Азамат ЭСҚҰЛОВ
Әмір Сана Мейірғат АМАНГЕЛДИН
Топыш - Қалдан Шеріннің қызы (ересек шағы) Айнұр РАХИПОВА
Алтынай НҰРБЕК
Топыш - Қалдан Шеріннің қызы (жас кезі) Шехназа ҚЫЗЫХАНОВА
Күлпәш - (Қалдан Шерінің кіші әйелі) Назерке СЕРІКБОЛОВА
Дәулетбай Мұхтархан МАНАП
Әбілмәмбет Ғани ҚҰЛЖАНОВ
Қазақ шонжарлары:
Қабанбай Бекжан КЕРІМБАЕВ Едіге Елдос ШАЙКЕНОВ
Тұрсынбай Асланбек ЖАНҰЗАҚОВ
Қазақ сұлтандары:
Бекболат Әбутәліп ӘМІРЕ
Ботахан Нұрбек АЛИБЕК
Жақай Ербол ТЛЕУКЕНОВ
Шарыш (ойрат батыры) - Бекжан КЕРІМБАЕВ
Ресей елшісі Нұрбек АЛИБЕК
Қытай елшісі Айсұлтан ЖӘЛИЕВ
Ойрат елшісі Данияр УРАЗАЕВ
Қоқан елшісі Асланбек ЖАНҰЗАҚОВ
Қырғыз елшісі Нұрбек ӘДІЛБЕК
1-шабарман Әбутәліп ӘМІРЕ
Марапаттар:
1. Қазақстан Ұлттық (этникалық) театрларының ІV Республикалық фестивалі (Астана, 2017)
«Тарихи тақырыптағы режиссерлік шешімі үшін»
«Үздік ер адам бейнесі» (актер Әділ Ахметов)
Өтетін орны
Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар» театры
Автор
Ә.Кекілбаев
Премьера күні
Желтоқсан, 2016 жыл
Режиссёр
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ
Жанр
драмалық дастан
Ұзақтығы
1 сағат, 05 мин
Жас санаты
18+
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 10апрелячтТеатр «Жастар»Залот 1000 ₸от 1000 ₸от 1000 ₸