rebranding

Мәңгілік бала бейне

Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Манашұлы Атабаевтың бірегей қойылымы, аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қалпына келтіріліп, көрерменіне тағы бір мәрте жол тартты.

Спектакльде адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты – мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасы арқылы зерделенеді.

Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес, адамдар да. Спектакль финалында Ләйлә-Сұлулықтың дарға асылғанын көресіз. Адамдар Сұлулықты өлтірді, демек өз тамырына балта шапты. Ләйлә өлді – Қарауыл өлді. Қарауыл өлді – қазақ өлді... Болашақ бар ма, жоқ па?! Осы бір ащы ақиқат саналарына ұрған қарауылдықтардың финалдағы музыка, реквием-хор (Карл Орфф) атмосферасындағы жанталасы ғана үміт отын себездетеді. 

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

ЛӘЙЛӘ  - Ә. САЙЛАУОВА
               -  А. БАКИДЖАНОВА
                    

ШӨКІШ  - Ш. ЖАНЫСБЕКОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
              - Л. ҚАЛДЫБЕКОВА Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

ҚАТИРА  -  Д. ТЕМІРСҰЛТАНОВА Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
                - Н. БЕКСҰЛТАНОВА Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты

ПЫСЫҚАЙ  - Ж. ТИНБАЕВ
                    - Ж. БАЙСАЛБЕКОВ Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар                     сыйлығының лауреаты

ҚҰМАР - Н. ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ
             - Қ. БЕЙСАГАЛИЕВ

ҚАТША - А.САТЫБАЛДИЕВА Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
             - Б. ҚАЖЫНӘБИЕВА Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар                          сыйлығының лауреаты

БОЛТАЙ - М. ТАҒАНОВ
                - Р. БЕКЕТ

КҮЛӘШ - Ж. ЖАНЫАМАНОВА
              - Л. ТЛЕУОВА
 КҮЛӘЙ  - Г. ТУТОВА «ҚҰРМЕТ» орденінің иегері

              - З. КӨПЖАСАРОВА Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

ҰЗЫНҒАЙША - М. УМАРБЕКОВА Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
                        - М. КЕЛГЕНБАЙ
                    
БӘТИ  - С. РЕАЛ-БЛАНКО 
            - М. АБСАДЫКОВА 

РАҚИЯ - К. АШИМОВА Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
             - Г. ШИНГИЗОВА

ШЫЛҒАУБАЙ  -М. НҰРӘСІЛОВ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
                        - Ж. МАХАНОВ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

АРТИСТ - Ш. ПІРНАЗАРОВ
               - А. ТҰРАРБЕКОВ

ҚАБЫЛ - Қ. ДЕМЕУОВ
             - Ә. ЕСБАТЫРОВ

КЕЛІН - Д. НЫГМЕТУЛЛИНА 
           - М. ҚАСЕНОВА 


ҚҰМАРДЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ - З. РАХЫМЖАН
                                             - Ұ. РАЙХАНОВА
                    
ҚИЯЛДАҒЫ АРУ  - З.КАТАШЕВА

                              -  Ұ. РАЙХАНОВА