97 человек за последний час интересовались этим событием.

Күшік күйеу

Автор: Тахауи  Ахтанов

Премьера күні:

Режиссёр: Жанат  Хаджиев

Актерлар:

Жанр:

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Билет қайтару шарттары: Танысу

Қосымша:

 

 

 

«Күшік күйеу» комедиясы, бұл – жастар  тақырыбын,  ана  мен  баланың  арасындағы  қарым-қатынасты  сондай-ақ, бой түзеп  қалған қызы бар  кез-келген  ата-ананың  баласының  алдағы  бағын  ойлап,  қам  жеуі  секілді  өмірлік  мәселелерді  қамтитын  сахналық  туынды. Спектакльдің  тақырыбы, айтар  ойы – қоғамның  қай  кезеңінде  болса  да  ескірмейтіндігімен  құнды.


Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының  қалыптасу  келбеті,  таным-түсінігі  мен  тәрбиесі,  ұстаным-пайымы  секілді көптеген  өзекті  мәселелер  көрініс табады. Ондай  қоғам  өміріндегі  өзекті  түйткілдер  спектакль  барысында  кейіпкерлер бейнесі арқылы, тіл, ән – домбыра  мен  гитараның  «айтысы»,  би, т. б.  сахналарының  өне-бойында  әсем  көрініс  тауып,  әдемі  өріліп  отырады.

Бұл  пьеса – алғаш,  Жастар  театрының сахнасында 80-ші  жылдардың басында қойылған... Араға  көп  жылдар салып театрымызда 2007 жылдың  11 сәуірінде  қайта сахналанды.