Қиянат

Әр адам – қоғамның бір бөлшегі. Ал олардың өзара қарым-қатынасы – замана

құндылықтарының көрінісі. Соның ішінде, әсіресе, ата-ана мен бала, ұстаз бен шәкірт арасындағы үндестік үлкен мәнге ие.

...Беймәлім бір мектепте бойжеткен – жас ұстаздың оқыстан орын алған жұмбақ өлімі құндылықтары қақтығысқан бүгінгі қоғамның боямасыз келбетін һәм ата-аналар арасындағы талай сырды сыртқа жайып салады. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы мен олардың сахнадағы әрекеті көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселені алға шығарады. Сол арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің ұрымтал тұстарына үңілтеді.

Қызықты сюжет, тосын шешімдерге құрылған психологиялық қойылым кейіпкерлерімен бірге көрерменін де бір сәтке бейжай қалдырмай, ар биігінде

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Несіпбек Думанбай – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

                                                                          Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

                                           Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

Эрнест Мырзабеквич – Бахыт Хаджибаев 

Берік Рысбек – Жандаулет Батай,   ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері

Қарлығаш – Айнұр Рахипова, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері

Ескендір Ысқақ – Азамат Эсқұлов

 

Беріктің баласы – Айсұлтан Жалиев

Қарлығаштың қызы – Жанель Рыскельдина

Эрнесттің баласы – Нұрбек Әділбек

Ескендірдің қызы – Әсем Жорабек

Қоюшы режиссері – Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші – Берік БУРБАЕВ