99 человек за последний час интересовались этим событием.
Государственный театр кукол Алматы

Кішкене бақаның шым-шытырық оқиғалары

Купить билеты

Кішкене бақаның шым-шытырық оқиғаларыОрман көлінде мына балықтар өмір сүреді: Жайын, ол әлемдегінің бәрін біледі; Көксерке, ұрысқақ, бірақ мейірімді; және Үрпек бас – көңілді бала. Өмір бірқалыпты, тыныш өтіп жатыр. Алайда, бір күні бақаның кішкене баласы – көлдің жаңа тұрғыны пайда болады. Ол өте тынымсыз, бәрін де өзі көріп-білгісі келеді. Айда кім тұратынын білу үшін, ол аспанға секіруге бел байлады… Сөйтіп, алыс планетаның тұрғындарымен кездеседі. Олар кішкене бақаны Қорыл пайда болғанша биге үйретті. Қорылға ән, музыка мен би ұнамайды. Кішкене бақа Қорылмен тіл табыса ала ма? Көлдің бетіне мұз қатқанша ол үйіне оралуға үлгере ме? Мұны сіздер «Кішкене бақаның шым-шытырық оқиғалары» спектаклін көрген соң ғана біле аласыздар!