Мероприятия Stages.kz

«Жасаул»

Ж.Құлмамбетов  «Жасаул»

Екі бөлімді парабола

әфсана

Қоюшы режиссер - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бекболат ҚҰРЖАНҒОЖАЕВ

Елдіктің кілті – бірлікте екенін ұғынған ел, мәңгілік ел болмақ. «Кетісерге – кекшіл көп, келісерге – есті жоқ» болған мынау заманда ынтымағы жараспай, ауыз біршіліктен кенде болып, билік пен халық арасындағы алтын көпір бұзылып жатқан мемлекеттер аз емес. Демек, Ел бірлігі – ең асыл қасиет екенін түсінбейтін ел – тобыр болып қала бермек. 

Ықылассыздық пен өтірік шын жүректіліктің Ханға да халыққа да пайда бермейтінін суреттейтін бұл қойылым көрерменін бей-жай қалдырмасы анық.