Зовите Меня Джордж
ТЮЗ им. Мусрепова

Қызыл орамалды шынарым

Купить билеты

Автор: Шыңғыс Айтматов

Қызыл орамалды шынарым

драма

Шығармада өткен ғасырдың 60-жылдарында Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Долан асуында өткен оқиға сипатталады. Жол бойында кездейсоқ танысқан ауыл қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілияс пәк сезімдер арбауына түсіп, шынайы махаббаттың кейіпкерлері атанады. Ата-анасының рұқсатын алмай, аттастырылған жігітіне қарамай, Әсел Ілиястың етегін ұстайды.

Алайда, қас-қағым сәтте, олар бастарына қонған бақтан айырылып, әрқайсысы өз жөнімен кете барады. Әсел өзінен үлкен азаматқа қосылып, ортада қалған Самат бүлдіршін өзге жанды әке деп кетеді. Өзегінде өкініш өрті лауласа да, өткенді қайтара алмайтынын түсінген Ілияс жаңа өмір сүруге қадам басады.

«Қызыл орамалды шынарым» қойылымы бұйырған баққа ризалық білдіріп, жеңіл ләззаттың арбауына түспеуге итермелейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, танымал шығарма көрермен қауымға өмірді бағалау туралы ой тастайды.