Күшік күйеу
«Күшік күйеу» (комедия)
Қойылым авторы - Тахауи Ахтанов
«Күшік күйеу» комедиясы, бұл – жастар тақырыбын, ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты сондай-ақ, бой түзеп қалған қызы бар кез-келген ата-ананың баласының алдағы бағын ойлап, қам жеуі секілді өмірлік мәселелерді қамтитын сахналық туынды. Спектакльдің тақырыбы, айтар ойы – қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды.
Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының қалыптасу келбеті, таным-түсінігі мен тәрбиесі, ұстаным-пайымы секілді көптеген өзекті мәселелер көрініс табады. Ондай қоғам өміріндегі өзекті түйткілдер спектакль барысында кейіпкерлер бейнесі арқылы, тіл, ән – домбыра мен гитараның «айтысы», би, т. б. сахналарының өне-бойында әсем көрініс тауып, әдемі өріліп отырады.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:

