97 человек за последний час интересовались этим событием.
ЦКЗ «QAZAQSTAN»

«Күй шақырғыш Ақжелең»

Купить билеты

Өтетін орыны: «Qazaqstan» ОКЗ

Өтетін күні: 24 қараша

Басталуы: 16:00

Тұрақ: бар

Жас санаты: 7+

 

 

 

 

 

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Ардақ Елеусіз барша өнерсүйер қауымды «Күй шақырғыш Ақжелең» атты күй кешіне шақырады. 
Концерт 24 қараша күні сағат сағат 16:00-де «Қазақстан» ОКЗ камералық залында өтеді. 
Ардақ Елеусіз халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Мен қазақпын» телевизиялық мегажобасының жеңімпазы, 2017 жылы «Үздік күйші» атанған талантты өнерпаз ретінде белгілі. 
«Күй шақырғыш Ақжелең» концерті қазақтың әйгілі күйші-композиторы, «күйдің пірі» атанған Қазанғап Тілепбергенұлының 165 жылдығына арналады. Бұл кеште күйші Қазанғап Тілепбергенұлының аса мазмұнды күйлері, Сыр өңірінің жырлары мен термелері шырқалады. 
Концертте белгілі күйші, Қазанғаптанушы Еділ Басығараев, жыршы-термеші Әлихан Дүйсенбай және «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

Билет қайтару шарттары: Танысу