Творческий вечер Ермека Турсунова «Пойдем жить дальше!» в Алматы
99 человек за последний час интересовались этим событием.
Театр им. К. Куанышбаева

«ХАТ»

Купить билеты

ХАТАвтор: Эрик-Эмманюэль Шмитт

Аударған: Қуат Ежембек

Режиссер: Рача Махатаев

Қоюшы суретші: Ильшат  Вильданов

Жанр: философиялық драма

Жас ерекшелігі: 7+

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Актерлік құрам: Инабат Әбенова, Алтынгүл Серкебаева, Жанат Чайкина, Майра Омар, Ерғұлан Жанпейісов, Ерсін Айтмұқаш, Таңсұлу Баталова, Арай Омарова, Асылбек Қапаев, Самат Байыров, Динара Егубаева, Амира Омарова, Сая Тоқманғалиева, Жанар Қасымова

Өтетін орны: кіші зал

«Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасы кең таралған туындылардың бірі.

Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған, қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.

Мәселен, кішкентай, балақай Оскарды айталық. Ол оң-солын танымаған соң, әке-шешесі оны мүлде жақсы көрмейді деп ойлайды. Шын мәнінде тіпті де олай емес еді. Оның әке-шешесі баласы үшін шырылдап жүрген болатын.

Рас, біз кей-кейде ата-анамыздың қадір- қасиетіне жете алмаймыз! Ал, тереңнен толғанып, барлығын сараптап, Құдайды танитын болсақ, әке-шешенің жасаған (саған байқалмайтын) жақсылығын ұғынар едік. Оскар, Роза әжейдің арқасында ойы, санасы, пайым-парасаты бірте-бірте өзгере түседі.

Спектакльдің жанры –философиялық драма. Мұны тамашалаған патша көңіл көрермен рухани азық алып, тағылым танып, ой түйері анық.