ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Талгар
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
«ХАТ»

«ХАТ»

Описание

Біз, өмірге қатысты көптеген қателіктер жібереміз. Өмірдің сондай қысқа, алдамшы, бір-ақ сәттік екенін ұмытып кетеміз... елемейміз... ескермейміз... Өзімізді өлмейтіндей көреміз. Бұл өте қауіпті дерт сияқты.

Ал, Құдайды тану арқылы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеретіні белгілі. Аталмыш қойылымның негізгі айтар ойы да осыған келіп саяды. Спектакльдегі басты кейіпкер Оскар, әуел баста Жаратқан иесіне мүлде сенбейді. Ол қатерлі ісікке шалдыққан. Бүкіл жаратылыс оған қарсы болып көрінеді. Бірақ, кейін мұның барлығы қателік екенін, ұғынады... түсінеді... Оның ойын өзгерткен кейіпкер Алқызыл Бикеш, яғни, Роза әжей! Ол Оскардың көңілін аулау үшін небір ғажайыптар, түрлі аңыздар ойлап табады. Екі кейіпкердің арасындағы диолог кейде мұңға, кейде ойға батырып, кейде күлкі тудырады.

«Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасы кең таралған туындылардың бірі. Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған, қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

ОСКАР: Инабат Әбенова, Алтынгүл Серкебаева, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты

РОЗА ӘЖЕЙ: Жанат Чайкина, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Майра Омар, «Құрмет» орденінің иегері

ОСКАРДЫҢ ӘКЕСІ: Ерғұлан Жанпейісов, Ерсін Айтмұқаш

ОСКАРДЫҢ АНАСЫ: Арай Омарова

ДОКТОР: Асылбек Қапаев

ДЮССЕЛЬДОРФ: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Самат Байыров

ПЕГГИ БЛЮ: Динара Егубаева, Амира Омарова

Н`ДА: Сая Тоқманғалиева, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Жанар Қасымова

Музыкамен көркемдеуші оркестр мүшелері:

Бақай Дина /скрипка/
Мұхамед Салтанат /скрипка/
Нұрпейісова Мадина /альт/
Канажанова Балжан /виолончель/

Читать полностью
  • Автор

    Эрик-Эмманюэль Шмитт

  • Аударған

    Қуат Ежембек

  • Қоюшы режиссер

    Рача Махатаев

  • Қоюшы суретші

    Ильшат Вильданов

  • Хореограф

    Асан Боранчин

  • Жарық беруші оператор

    Самат Жалекенов

  • Дыбыс операторы

    Қарлығаш Танабаева

  • Режиссер көмекшісі

    Гүлжан Әбдібаева

  • Жанр

    философская драма

  • Жас ерекшелігі

    7+

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Қосымша

    Спектакль қазақ тілінде өтеді

  • Возрастное ограничение

    7+

Поделиться:

Расписание
  • Дата
    Место
    Зона
    Взрослым
    Детям
  • 21
    мая
    вт
    Театр им. К. Куанышбаева
    Малый зал-new
    от 2000
    от 2000