Керқұла атты Кендебай
Өтетін орны: Шымкент қ-сы, Казыбек би к-сі, 34, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры»
Автор: Ә.Файзуллаұлы
Премьера күні:
Қоюшы режиссёр: Мақпал Малдыбаева
Жанр: ертегі
Ұзақтығы: 45 минут
Жас ерекшелігі: 3+
Қосымша:
Бұл ертегі - ғасырлар бойы күні бүгінге дейін жеткен, бабаларымыздан қалған рухани алтын мұра. Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей, күндердің күнінде ұлды болады. Сол бала алты жылда алып жігіт болып, құралайды көзінен тигізген мерген атанады. Керқұла атқа мінген Кендебай алғыр, күшті әрі мейірімді болып өседі. Күндердің күнінде Кендебай өзінің көршілес еліне жау шапқанын естіп, ызаға булығып, «Мен жерімді ойрандатып, батырымызды қорлатып, ұрпағымызды көз жасына бөктіріп қоя алмаймын, жауымнан кек аламын», деп жорыққа аттанады. Алдынан кездескен кедергілерден сүрінбец өтіп, жеңіске жетеді. Содан бастап ол аймақ «Керқұла атты Кендебай» батырдың елі атанады.