Шие
Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қ., Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
Премьера күні: 18-19 сәуір 2016
Автор: А. Чехов
Режиссёр: С. Потапов
Актерлар: А.Танабаева, Н.Өтеуіл, К.Нұрланов, А.Аймағамбет
Жанр: комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин
Жас санаты: 12+
Қосымша:
Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған көз жасы арқылы беруге ұмтылған.
Актерлар - А.Танабаева, Н.Өтеуіл, К.Нұрланов, А.Аймағамбет, Қ.Қыстықбаев, Д.Әлімов, Ш.Ордабаев, А.Ибраева, И.Әбенова
Суретші – Берік Бурбаев
Киім үлгісінің суретшісі – Х.Айдаш
Композитор – Қайрат Тоқымбетов
Дыбыс режиссері – Гүлнафис Әминова
Билет қайтару шарттары: танысу