Шие (ГАКМДТ)

Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссер Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен түбінде тұнған  көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында.

Қосымша: «ШИЕ» комедиясы Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінде «Үздік спектакль» номинациясына ие болды (2016 ж).  

Челябі қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық театр
фестивалі аясында көрсетіліп, халықаралық театр сыншыларының жағары бағасын алды.
Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.