Scorpions в Алматы

«Елім-ай» музыкалық драмасы Ақтөбе қаласында

«Елім-ай» музыкалық драмасы Адам ата, Хауа анадан басталған адамзат баласы мен қилы замандардан аман шыққан Ұлы дала баласының көшін байланыстыра суреттейтін «Елім-ай» музыкалық драмасы тарихтың мыңдаған ғасырлар парағын бір жарым сағатта парақтап, тарқата талдап береді. Қазақтың тарихы тереңде жатқанын көрсете отырып, ел жадынан шығып бара жатқан елеулі оқиғаларды еске түсіріп, бүгінгі азаттықтың да астарында арқалаған аманаттарымыздың бар екенін тереңінен көрсетеді. Қазақтың өнері өмірімен тағдырлас екенін, әні жанынан хабар беретінін - хормен орындалатын халық әндері жеткізеді.