Google ad services

«Дүние жалған» рухани кеші

дүние жалғанӨтетін орыны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Өтетін күні: 23 сәуір

Өтетін уақыты: 18:30

Жас санаты: 

Қосымша: Осы кеш аясында театр бірден үзіліспен екі спектакль ойнайды.

 

 

 

 

 

Бұл қиын да ауыр сапарда тек жүрек қана жол көрсете алмақ. Иә, сізді оң жағыңызда «Жұмаққа қарай ұзақ жол» күтіп тұр.

Сол жағыңызға қараңыз! ...Қызыл жалынның ыстығы бет шыжғырады...

Қай жаққа аттанасыз? Әлі де таңдау мүмкіндігі бар.

Бұл фәни – жалған! Ерте ме, кеш пе, бақи дүниеге барарымыз бек ақиқат.

Сіз бұл сапарға дайынсыз ба? Дайын болсаңыз, кеудеде өкініш қалмасын... Келіңіз. Бірге рухани тазарайық!

Біле жүр, Ей Адамзат!

Ақылдан адасқандардың,

Ажалдан адаспайтынын.

Тақ үшін таласқандардың,

Табытқа таласпайтынын...

(Халық даналығы)

С.Раев «МЕККЕГЕ ҚАРАЙ ҰЗАҚ ЖОЛ» /әфсана/

Қоюшы режиссері: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Премьера күні: Қараша, 2009 жыл

Кейіпкерлер:

  • Адам (Император) – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Көлеңке – Бахыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Кемпір – Мәдина Май, «Еңбек даңқы» медалінің иегері Айнұр Рахипова,
  • Ересек – Азамат Эсқұлов, Мәдениет саласының үздігі «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Бала – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Қыз – Айнұр Рахипова, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Наурыз Сабағатова «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Ақын – Жандәулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері «Еңбек даңқы» медалінің иегері

 

Н. Оразалин, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты «ҚЫЛКӨПІР»

(«Қарақазан ғасыр» драмалық дастанының ықшамдалған сахналық нұсқасы)

Қоюшы- режиссері: Н. Жақыпбай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Костюм суретшісі:  Алтынбек Ермұхан

Хормейстер: Анель Сиргебаева

Премьера күні: Қараша, 2021 жыл

Кейіпкерлер: Барлық актерлер труппасы