97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Домалақ Ене»

Автор: Арғынбай Бекбосын

Премьера күні: 

Режиссёр: Қуандық Қасымов

Актерлар:

Жанр: символикалық драма

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

 

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының соңғы жылдардағы жаңа қойылымдарының бірі - белгілі қоғам қайраткері, жазушы-драматург, марқұм Арғынбай Бекбосынұлының «ДОМАЛАҚ ЕНЕ» символикалық драмасы.
Драманың қоюшы режиссері – режиссуралық еңбектері елімізде, ТМД елдерінде, сондай-ақ, бірқатар шет елдерде белгілі дарынды режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың, сондай-ақ, көптеген Халықарылық және республикалық театр фестивальдарының лауреаты, республикалық  «Театр тарланы» сыйлығының   иегері  Қуандық Қасымов.
Қоюшы-суретшісі – ҚР  Мәдениет саласының үздігі, «Еңлікгүл-2016» кәсіби Театр сыйлығының лауреаты Рахат Сапаралиева. 
Драмада белгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек баба мен Әмір Темір (Ақсақ Темір)  өмір сүрген кезеңдегі әлденеше оқиғалар, мәселен, Бәйдібек би мен Домалақ ененің атақты Ақсақ Темірмен кездесуі  әсерлі көрініс табады. Сондай-ақ,   Домалақ ене – Нұрилә  ананың Әулие ана болып танылуы тарихи және аңыз әңгімелер негізінде қызықты баяндалады.
Бәйдібек бабаның парасатты би, аса салмақты ақыл иесі, қол астындағы өзіне қарасты барша халықтың басалқалы басшысы, байыпты төрешісі ретіндегі образы да  бар сыр-қырымен  мейлінше терең ашылып көрсетіледі.
Домалақ ене – Нұрилә апаның бойындағы үлкен ақыл-парасат, ақжарма адал жүрек, зор адамгершілік қасиеттер мен өмірлік жары Бәйдібекке және оның әулетіне деген кіршіксіз  таза махаббаты, сондай-ақ,  ең бастысы, оның адам таң қаларлық кереметтей әулиелік  қасиеттері де терең ашылып көрсетіледі.   
Қойылым барша көрерменге, әсіресе, кейінгі жас ұрпаққа белгілі тарихи  тұлғаларымызды, олардың ұлағатты істерін дәріптеп жеткізу, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, өнерімізді, әдебиетімізді насихаттау мақсаттарын көздейді.  

Билет қайтару шарттары: танысу