rebranding

«Dala Dauysy» Республикалық конкурсының гала концерті

«Dala Dauysy» Республикалық конкурсының гала концертіӨтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1)

жанр: концерт

жас санаты: 6+

Ұзақтығы: 1 сағат 20 мин

 

 

 

 

 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында 20 желтоқсан күні сағат 19.00-де Республикалық «DALA DAUYSY» бірегей жобасының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау салтанаты және Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен ГАЛА-КОНЦЕРТ өтеді.

«DALA DAUYSY» - жаңа өнер туындылары авторларын қолдауға бағытталған бірегей жоба. Кеште «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні»  номинацияларының иегерлері марапатталады. Кеш Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен жалғасады.