Творческий вечер Ермека Турсунова «Пойдем жить дальше!» в Алматы

Бір түп алма ағашы

Бір түп алма ағашы / Театр им. Омарова

Өтетін орыны: Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры

Премьера күні: 25.01.2019

Автор: Ә. Оразбеков

Режиссёр: Қайыпберген Есенғұлов

Актерлар: Зәмзәгүл Бегайдарова, Бақытжан Таңатқан, Асылан Кенжетаев, Төленді Әлғожин, Шара Мүсілова т.б.

Жанр: драма 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас санаты: 12 +

Қосымша: Ілеспе аудармасы бар


Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға же­телейді. Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кере­ғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, көңілің­ді мұңға бөлейді. Психологиялық драма­ның мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыз­дың бар екенін паш етеді. Бұл спектакль – өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние.

Бүгінгі қоғамдағы боямасыз шын­дық – ағайындар арасындағы алауыздық. Бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыспауы – зор қасірет!