Бір түп алма ағашы
Описание
Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, көңіліңді мұңға бөлейді. Психологиялық драманың мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыздың бар екенін паш етеді. Бұл спектакль өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние.
Бүгінгі қоғамдағы боямасыз шындық ағайындар арасындағы алауыздық. Бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыспауы зор қасірет!
Өтетін орыны
Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры
Премьера күні
25.01.2019
Автор
Ә. Оразбеков
Режиссёр
Қайыпберген Есенғұлов
Актерлар
Зәмзәгүл Бегайдарова, Бақытжан Таңатқан, Асылан Кенжетаев, Төленді Әлғожин, Шара Мүсілова т.б.
Жанр
драма
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас санаты
12 +
Қосымша
Ілеспе аудармасы бар
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 20ноябрясрКостанайский театр им. И.ОмароваЗрительный залот 1000 ₸от 1000 ₸