Бейбарыс сұлтан
Авторы: Р. Отарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-режиссер: Ю. Ханинго-Бекназар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші: Е. Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Режиссердің ассистенті: А. Сатыбалды, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Премьерасы: 19.06.2013 ж.
Жанры: тарихи драма
Ұзақтығы: 1 сағ. 15 мин
Жас санаты: 13+
Дешті Қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетке ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді халық бекер айтпаса керек.
- Киім үлгісі суретшісі: Л. Возженикова
- Музыкамен көркемдеуші: Е. Есенбаев
- Балетмейстер: Г. Мұхамеджанова
- Сахна сайысын қойған: Ә. Байлин
- Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова