Туры выходного дня

Бейбарыс сұлтан

Бейбарыс сұлтан АУЕЗОВ ТЕАТРЫ

Авторы: Р. Отарбаев,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-режиссер: Ю. Ханинго-Бекназар,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші: Е. Тұяқов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері 

Режиссердің ассистенті: А. Сатыбалды, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Премьерасы: 19.06.2013 ж.

Жанры: тарихи драма

Ұзақтығы: 1 сағ. 15 мин

Жас санаты: 13+

 

Дешті Қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетке ие болса да Бейбарыс бабамыздың жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына, жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді халық бекер айтпаса керек.

  • Киім үлгісі суретшісі: Л. Возженикова
  • Музыкамен көркемдеуші: Е. Есенбаев
  • Балетмейстер: Г. Мұхамеджанова
  • Сахна сайысын қойған: Ә. Байлин
  • Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова