rebranding

Сюрприз

Кино және театр жұлдыздар шоғыры Асылбек Боранбаев, Дулыға Ақмолда, Жомарт Зейнәбіл, Таңшолпан Нұртілеуқызы және Әсет Есжан «СЮРПРИЗ» атты мелодрамада өнер көрсетеді.

Назым фейсбукқа марқұм анасының хатын жариялап жібереді. Хат ешқашан көріспеген әкесіне арналған. Бірнеше айдан кейін Назым өз туған күнінде келешек қайын жұртымен танысуға дайындалып жатады. Сол мезетте хатты оқыған Мараттар қызына «Сюрприз» жасап келеді.