rebranding

 Ретро концерт

ретро концерт

«Qazyna» вокалдық ансамблінің жетекшісі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, композитор, дирижер, хормейстер Ғалымжан Берекешев.

«Qazyna» вокалдық ансамблі 2012 құрылды. Ансамбль 16 кәсіби әншілерден тұрады, олардың көпшілігі Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары болып табылады. Жобаның бірегейлігі, ең күрделі композицияларды тек a'capella дауыстарымен орындайды, сонымен қатар әр түрлі ырғақты конфигурациялардағы ұрмалы аспаптардың дыбысын өз дауыстарымен ауыстырады. Репертуарда классика мен халық музыкасынан бастап джаз және поп-шығармаларға дейінгі әр түрлі жанрдағы туындыларды орындайды.

«Meir BAND» ансамблі - аты аңызға айналған Дос-Мұқасан ансамблінің альма-матері Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттерінен 2022 жылы құрылды. 2022 жылы Дос-Мұқасанның 55 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген фестивальда 1-орын лауреаты атанды. Ансамбль репертуарында ретро әндерден бастап заманауи танымал әндерге дейін 60 қа жуық ән бар. Көркемдік жетекшісі Жамбыл Құлесов.