rebranding

«Қос ішектің қуаты»

2021 / 2022                    Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал          IХ маусым

12 қазан * сейсенбі * 19.00

 

Концерт

«Қос ішектің қуаты»

(Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдық мерейтойына орай)

Шебер домбырашы, дирижер әрі Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Рысбай Ғабдиевті еске алу құрметіне орайластырылған «Қос ішектің қуаты» концерті оның 85 жылдығына арналады.

Дала перзенті, домбырашының жарқын шығармашылық ғұмыры өз халқының тағдырымен ұштас еді. Бүкіл қазақ жері құрмет тұтқан оған Түркия, Франция, Ресей мен алыстағы Катар елі зор қошемет білдірді. Орындаушылық еңбек жолын жас кезінен бастаған ол дирижер, халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, шәкірттері мен ізбасарларының керемет саңлақтар тобын тәрбиелеген профессор атанды. Шығармашылық қызметін Атырау педагогикалық институтында оқытушылықпен белсенді үйлестіре отырып, ол домбырада ойнауды үйрету әдістемесі бойынша көптеген кітаптар шығарды.

Рысбай Ғабдиев репертуарының негізін өзі күйтабаққа жазған қазақ халық композиторларының (Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Абыл) күйлері құрайды.

Рысбай Ғабдиевті еске алу концертіне танымал қазақстандық музыканттар – көрнекті маэстроның әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары қатысады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады