Сәкен Сейфуллин атындағы драма театры
Театр репертуары
Адрес: РК, г. Караганда, пр. Бухар-Жырау, 25/1.
Контакты: +7 721 242 0298.
Автобусная остановка: ДК Горняков
Велопарковка: -
Парковка: две наземные парковки по сторонам театра на 80 мест. Бесплатные. Заезд со стороны проспекта Бухар-Жырау.
Вход: со стороны проспекта Бухар-Жырау.
Касса: 8 (7212) 41–39–89, 8 (7212) 42–02–97
Буфет: -
Сәкен атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының тарихы 1932 жылы ашылған жұмысшы-жастар театрынан басталады. Театрдың негізін қалаушылар қатарында қазақ театр өнерінің алғашқы қарлығаштары болған, кейін дарынымен бүкі елге танылған, ҚР-ның халық артистері Ж. Шашкина, М. Сүртібаев, Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, ҚР-нығ еңбек сіңірген артистері Ә. Шаймерденов, З. Көшкімбаев, Т. Қосыбаева, З. Жақыпов, А. Ыбыраев, М. Әбдікәрімов, сондай-ақ артистер М. Бектенов, Т. Сағынтаев, Ө, Тойбаев, Б. Шалов, Н. Жабаев, Е. Мұқсынов, Т. Илиясов, К. Көлбаева, К. Мұстафин, М. Баязитова, А. Жетімтаев, Ұ. Әбеуова, К. Ахметова, Ж. Қартабаева, Ө. Мананбаев, К. Түлкіьаев, К. Нүғыманов, Н. Камалов, А. Салықов, М. Мүқатаева, М. Николаева, Ж. Әукенова, Т. Әбілқасымов, К. Ғабдуллина, Б. Қоскеқызы және басқа да өнерлі жандар еңбек етті.
1950-1980 жылдары аралығында театрда көптеген талантты актерлер мен режиссерлер қызмет етті. Талай әлемдік және қазақ классиктерінің драматургиялық шығармалары сахнаға шығарылды.
1982 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
1986 жылы С. Жүнісовтың «Өліара» пьесасын сахналап, ҚР еңбек сіңірген қайраткерліері Е. Тәпенов, С. Қажымұратұлы, сурентші М. Мақсұтов, актер К. Жұмабеков ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Бүгінгі таңда театр репертуарында 100-ге тарта спектакль бар. Қазақ-орыс драматургтерімен қатар, бауырлас халықтар қырғыз, әзербайжан мен башқұрт, татар, түркі жұртының шығармалары және әлемдәік классиканың да үлглілері сахналанып келеді.
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы 85 жылдық тарихында тарихи сананы жаңғырту, өткеннің тағлымы мен тәлімін бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, Думан Рамазанның «Ұлы арман» тарихи драмасын, қойса, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, Е. Төлеубайдың «Әлихан Бөкейхан» драмасын қойды. К. Жұмабековтың «Абай мен Әбіш» драмасы, М. Әуезовтың «Айман-Шолап» комедиясы, Д. Исабековтың «Өкпек жолаушы», Ж. Әлмешұлының «Сәкеннің соңғы сапары» , Шекспирдің Ромео-Джульеттасы», Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түні» , Ш. Айтматовтың «Ана- Жер Анасы», Т. Уильямстың «Тәнге түскен раушан гүл», Ә. Несиннің «Өлтірші мені, көгершінім», А. Галиннің «Қайран, жас дәурен» және тағы басқа да көптеген спектакльдер театр репертуарынан берік орын алған, өзінің мтұрақты көрермендері бар.
Театрдың шығармашлық ұжымы әр жылдары көптеген халықаралық, республикалық және аймақтық театр фестивальдеріне қатысып, Гран-приден бастап, түрлі жүлделермен, аристер мен актерлер лауреаттар атанып қайтып жүр.