Күшік күйеу
Автор: Т. Ахтанов
Режиссёр: Б. Киекбаев
Премьера күні: 7,8 мамыр, 2021 жыл
Жанр: комедия
Жас санаты:
Ұзақтығы:
Қосымша:
Күшік күйеу комедиясы, бұл - жасөспірімдердің жай-күйін, ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ, бой түзеп қалған қызы бар кез келген ата-ананың баласының алдындағы бағын ойлап, қам жеуі секілді өмірлік мәселелерді қамтитын сахналық туынды. Спектакльдің тақырыбы, айтар ойы - қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды. Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының қалыптасу келбеті, таным-түсінігі мен тәрбиесі, ұстаным-пайымы секілді көптеген өзекті мәселелер көрініс тапты. Ондай қоғам өміріндегі өзекті түйткілдер спектакль барысында кейіпкерлер бейнесі арқылы, тіл, ән – домбыра, би әсем көрініс тауып, әдемі өріледі.