rebranding

Көк-түріктер. Фестиваль. Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры

«Көк –Түріктер» қойылымы заманымыздың 630 жылы Қытай жеңіліске ұшыратқан,  Көк –Түрік қағанатының ұлттық күресін суреттей отырып, бүгінгі заман тынысымен  үндестікте өрбиді.  Өткен заманда бабаларымыз қолына қару алып шайқасқан болса бүгінгі соғыс көзге көрінбейтін ақпарат майданы екнін аңдатады. Спектакльден бақ таластық пен тақ таластықтың ел мен жерге тигізер зор кесапатын, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен сатқындықтың кесірін ұғынасыз.    Қойылым Түркі жұртына ортақ құндылықтарды дәріптей отырып береке-бірлікте болуға меңзейді.