The Best of Anime

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»Автор: Ғ. Мүсірепов

Режиссёр: Т. Жанботаев

Жанр: трагедия

Жас санаты: 14+

Ұзақтығы:

Қосымша:

 

 

 

 

 

Қозы Көрпеш -Баян сұлу -махаббат дастаны.  Арманына жете алмаған қос ғашықтың трагедиясы.

Шынайы махаббат пен сүйіспеншілікке кедергі болған қатыгез әке үкімі, қатал тағдыр тәлкегі, байлық пен кедейлік тартысы -екі жасты ізгі арман, адал ниеттеріне жеткізбеді. Баянын іздеген жас батыр Қозының жолына тұрған Қодар, алаң көңіл қос мұңлық- Мақпал мен Күнікей, арам ниет Жантық, серттен тайған әке Қарабай сәулетті сыры бар лиро-эпос жырының негізгі кейіпкерлері.

Қазақтың белгілі классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтың қаламынан туғанына 80 жылдан асқан  Қозы мен Баянның мәңгілік жыры – пәк махаббат сезімін, ұрпақтан ұрпаққа үлгі боларлық адалдық қасиеттерді арқау еткен.  Ол қай дәуірде де көрерменін бейжай қалдырмайтын, ойлантып, толғандыратын құнды шығарма.