Гудбай, мой бай

Жариялы келісімшарт (оферта)

Жариялы келісім шарт. (Оферта)

Алматы қ., 2015 ж.

ЖШС “Ticketon Events” (бұдан әрі “Оператор”) кез-келген жеке тұлғаға немесе құқықтық ұйымға (бұдан әрі “Сатып алушы”) ғаламтор жүйесінде ақылы қызмет ұсынады (бұдан әрі “Қызметтер”).
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 395 б. сәйкес бұл ұсыныс жариялы оферта (бұдан әрі “Келісімшарт”), сатып алушының Оператор Сайтында орналасқан “Келісімнің шарттарымен келісемін” түймешігін басуы ҚР Азаматтық Кодексінің 396 б. сәйкес толық және сөзсіз шешуші іс-қимылы болып табылады.

1.ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1.Жүйе - Автоматтырылдынған билет сату жүйесі, арнайы аппаратты-бағдарламалық кешен: жүйенің ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеуге арналған, іс-шараларға билет сатуды оңтайландыру, сондай-ақ сатылған билеттер базасын құру, сонымен қатар www.ticketon.kz web-порталынан тұрады, серіктес web-порталдарға кіріктірілген виджеттерінен, автоматтандырылған кассаларға орнатылған автоматты билет сату жүйесінен құрылған.
2.Сайт - www.ticketon.kz Операторының web-порталы.
3.Автоматтандырылған кассалар - Оператордың, Оператор мердігерлерінің Жүйеге қосылған автоматтандырылған кассалары.
4.Іс-шара - Көрнекі іс-шара, оның ішінде театр спектаклі, кинотеатрдағы киносеанс, цирк қойылымы, залдағы, клубтағы концерт, ашық алаңдағы спорттық жарыстар т.б.
5.Ойын-сауық мекемелері - Жүйені пайдаланып Іс-шараға Билеттер әзірлеп және сатуға құқылы Іс-шараны өткізуші құқықтық ұйым немесе жеке кәсіпкер.
6.Билет - Жүйенің көмегімен Сатып алушыға сатылған, Ойын-сауық мекемесі мен Сатып алушының арасындағы келісімді растаушы, Сатып алушының Іс-шараға қатысу құқығын беретін қатаң есептегі құжат.
7.Билет коды - Билетті сатып алған Сатып алушыға жіберілетін қайталанбас сандық код, Ойын-сауық мекемесіндегі Іс-шараға кіруге құқық береді.
8.Қызметтік жинақ - Жүйенің көмегімен Билет Сатып алушыдан Операторлық қызмет көрсетілгені үшін ұсталынатын ақша. Әр Билеттің жеке қызметтік жинақ көлемі тапсырыс парақшасында көрсетіледі.
9.Ұйымдастырушы - іс-шараларды ұйымдастыру және билеттерді тарату үшін операторға билет беруді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

2.КЕЛІСІМШАРТ НЫСАНАСЫ

2.1. Оператор Іс-шараға Билеттерді ғаламтор жүйесі арқылы сатып алуға мүмкіндік береді.

3.ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Оператор ғаламтор қызметін пайдаланып билет сатып алғанда қызметтік жинақ бағасын көрсетіп, қосымша қызметтік жинақ орнатуына құқылы. Қосымша жинақ киносеанстарға орнатылады.  Басқа іс-шараларға билеттер жүйеде қосымша жинақсыз сатылады.

3.2. Кинотеатрға сатып алынған Билетті Сатып алушының қайтаруы. Егер, Сатып алушы алды-ала сатып алынған Билетті қайтарғысы келген жағдайда, Билет кинотеатр кассасында басып шығарылса немесе Іс-шараның басталуына 30 минуттан кем уақыт қалса, Оператор Сатып алушының өтінішін қанағаттандырмауға құқылы.

3.3. Сатып алушының театрға сатып алынған Билетті қайтаруы. Егер, спектакльдың басталуына 3 сағаттан кем уақыт қалса, Оператор Сатып алушының алдан-ала сатып алған биллеттерін қабылдамауға құқылы. Театр басқа шарттарды қарастырмаған жағдайда. 

3.3.1. "Астана Опера" МОБТ сатып алынған билеттер тек спектакль болмауы немесе уақыты ауыстырылу кезінде қайтаруға немесе басқа күнге ауыстыруға болады. Басқа жағдайда Билеттерді қайтаруға немесе ауыстыруға болмайды

3.4. Тұтынушының Концерттерге және басқа Ойын-сауық Іс-шараларына сатып алынған билетті қайтаруы. Егер, Іс-шараның басталуына 2 тәуліктен кем уақыт қалса, Оператор Сатып алушының өтінішін қанағаттандырмауға құқылы.

3.5. Сатып алушы электронды Билетті қайтарғысы келсе, Оператор Сатып алушының Қызметтік жинағынан пайыз ұстауына құқылы.

3.5.1 Кинотеатрға алынған Билеттердің қайтарған жағдайда ұсталатын жүйелік жинағы турақты тіркелген соманы құрайды және билеттің жалпы сомасынан 1-10% - ға дейін құрайды

3.5.2 Теарға немесе басқа іс-шара түрлеріне алынған билеттің жүйелік жинағы, билеттің жалпы сомасынан 3%-ды құрайды.

3.5.3 Қайтарылған төлем 3 (үш) жұмыс күннің ішінде қайтарылады.

3.6. Сатып алушы электронды Билетті қайта өткізгісі келсе, Оператор Сатып алушының төлеген сомасын Жүйеде келесі Іс-шараларға билет сатып алуға сақтап қоюға мүмкіндік ұсынуға құқылы.

3.7.Белгілі Іс-шараның болмауына себепті Сатып алушылардың Операторға болған шағымдарын белгілі Іс-шараның Ұйымдастырушысы мен қарастырылады. Сатып алушының жоғары көрселтілген фактілерге байланысты шығындарын Іс-шараның белгілі Ұйымдастырушысының ақысынан өтемақы қайтарылады. 

3.8. Оператор Сатып алушының электронды мекенжайына және ұялы телефонына ақпараттық және жарнамалық сипаттағы электронды хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуге құқылы. Сонымен қатар Оператор Сатып алушының мекенжайы мен басқа ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.

3.9.Оператор Сатып алушыға белгілі Іс-шараға сатып алынатын билетердің көлеміне көрсетілген ақпараттарына байланысты (Электрондық поштасы және ұялы телефоны) шектеулі қоюға құқылы. Шектеу көлемінің нақты саны Оператордың сайтында белгілі Іс-шараға арналған бетте көрсетіледі.Тұтынұшы қойылған шектеуліктен көп билеттерді сатып алуға құқылы, алдын ала Оператормен жазулы түрде келісім болған жағдайда. Бұл жағдайда, Оператор еш бір түсініксіз Сатып алушының көрсетілген шектелүден көп билеттерді сатып алуға мүмкіндігін беруге бас тартуға құқылы. 

3.10 “Электронды сауда қағидаларына”  ҚР №750 25 қараша 2015 жыл Ұлттық экономика Министірінің қ.а. Бұйрығымен бекітілген 18 тармағына сәйкес, Ұйымдастырушы мен Сатып алушының ортасындағы делдал болып табылған Оператор қызмет көрсеткен электрондық құжаттар (электрондық хабарламалар) пайдаланылып жасалған шарттар бойынша жауапкершілік жүктелмейді. 

3.11. Оператор кез-келген уақытта осы Келісім шарттарын біржақты өзгерте алады, өзгертілген шарттарды сайтта жариялайды.

4.САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Сатып алушы өз билетінің код қауіпсіздігі үшін өзі жауапты болып табылады.

4.2. Сатып алушы Іс-шараға алған элеткронды Билеті қағаз билетке ауыстырылмаған болса, электронды Билетті қайта өткізуге құқылы егерде қайтару мерзімдері осы келішарттың 3 т. сәйкес келген жағдайда.

4.3. “Балалардың” немесе “Студенттік” тарифтарындағы Билетті сатып алу кезінде Сатып алушының қолында мекемелердің анықтама құжаттары (мектептен анықтама немесе студенттік билет) мен ойын-сауық мекемесінің электронды Билеті болуы қажет.
Егер қажетті құжаттар жоқ болған жағдайда, Оператор Сатып алушының Билеттерін жарамсыз деп тауып, Сатып алушыға Билеттерін жарамсыз деп санап Қызметтік жинақтан белгілі бір соманы ұстап қалуға құқылы.  Сатып алушыға бұл төлемді Жүйедегі келесі бір сатып алуға пайдалануға ұсыныс жасауға құқылы.
Билеттерді қайтару процессы келісім шарттың 3. тармағында көрсетілген

4.3.1 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң. 
36 бап. 4 тармақ.Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
 5 тармақ. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
Осы Заңға сәйкес, 22.00-ден кейін аяқталатын, Іс-шаралар мен фильм сессияларының билеттер тарифтік «Балалар», сатуға, сондай-ақ жасқа шектеулер бар оқиғалар мен фильмдер үшін Оператор тарапынан билеттер сатылмайды,
Егерде Стып алушы балаларға арналған Іс-шаралрға билетті “Ересек” адамның билеті сатып алынған жағдайда Ұйымдастырушы баланы Іс-шараға кіргізбеуге құқылы. Сондай жағдай туындаған жағдайда Оператор билеттердің күшін жоймауға және билеттер құнын қайтарылмауға құқылы.

4.4  Балалармен кешкі киносеанстраға ҚР заңымен  тыйым салынған. “Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады”. Кешкі сеанстарға балалармен немесе жасқа шектеулі қойылған фильдерге барған жағдайда  кинотеатр әкімшілігі  баланың туу жайында күәлігін талап етуы мүмкін, керек қужат болмаған жағдайда сеансқа кіргізуге бас тартуға құқылы. 22:00 кейін аяқталатын киносеанстарға “Балалар” билеттері сатылмайды. Сондай-ақ жасқа шектеулі қойылған киносеанстарға “Балалар”  билеттері сатылмайды.
Билеттерді қайтару процессы келісім шарттың 3. тармағында көрсетілген
5.ФОРС-МАЖОР

5.1. Тараптар Келісімнің міндеттемелерінен төтенше жағдайлар туындағанда босатылады. Форс-мажорлық жағдайлар ретінде осы Шарт бойынша ТАРАПТАРДЫҢ міндеттемелерді орындауына тосқауыл жасайтын төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар жатады. Оған мына стихиялық құбылыстар жатады: ядролық жарылыс, радиация (ионизаторлық сәулелену) немесе ядролық қарудың радиоактивті қалдықтарды өндірістік және ғылыми зерттеу жұмыстары, соғыс, соғыс басқыншылары, шетелдік жаулардың әскери іс-қимылдары, әскери маневр және соған байланысты іс-шаралар, қарулы көтеріліс, халық толқуының барлық түрлері, жаппай күштеп ұстау; эпидемиялар, эпизоотий, ауа-райы шарттары, террористтік актілер, ереуілдер, кері қайтарып алу (изъятия), конфискация, реквизициялау, ұлттандыру т.б. Осы жағдайлардың біріне тап болған Тарап өте қысқа мерзімде қарсы Тарапқа хабар беруі қажет. Бұл жағдайларда растау қажет емес. Ал бұдан басқа жағдайларда мемлекеттік органдардан тиісті растау құжаттарын көрсетуі тиіс.

6. ТАЛАПТАРМЕН ТІЛЕКТЕРДІ ҚАРАСТЫРУ

6.1. Барлық туындаған келіспеушіліктер мүмкіндігінше тараптардың келіссөздер жүргізумен шешіледі.

6.2. Егер қандай-да бір себеппен тараптар келісімге келе алмаса, Алматы қаласының Арбитраждық сотының көмегіне жүгінеді (егер Сатып алушы құқықтық ұйым немесе жеке кәсіпкер болса), немесе Оператордың мекенжайы бойынша жалпы сотта қаралады (егер Сатып алушы жеке тұлға болған жағдайда).

6.3. Сатып алушының көрсетілген Қызметтерге қатысты талап-тілектерін ҚР заңнамасына сәйкес Оператор тек жазбаша түрде қарастырылады.

6.4. Техникалық сұрақтарды шешу үшін Сатып алушының Жүйені пайдалануда заңбұзушылыққа жол бергенін анықтау үшін, Оператордың өз бетінше тиісті мекемелерді сарапшылар ретінде тартуына болады. Егер Сатып алушының кінәсі дәлелденсе, сараптама тиісті жұмсалған шығынды өтеуге тиісті.


7. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

ЖШС «Ticketon Events»
Құқықтық мекенжайы : Алматы қ., 050000, Назарбаев даңғ., 137, 1 қабат.
Негізгі мекенжайы: Алматы қ. 050022, Шевченко көш  118., Байтұрсынов көш. қиылысы, 3 қабат 306 бөлме.
Т ел.: +7 (727) 225-10-50
БИН 151040009124
ИИК KZ53926180219S254000
в АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZKOKZKX


Қолдау орталығы:
help@ticketon.kz
+7 (727) 225-10-50
(Алматы)

+7 (717) 247-63-50 (Астана)
+7 (777) 936-53-53