Жыл басы кім?

Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы! Осынау қасиетті де киелі саналған жыл бастауында Ұлыс күнінің ұлылығын, қазақ дәстүрін дәріптейтін, салтын келешек ұрпаққа мұра етіп табыстау мақсатында кішкентай көрерменімізге арнап ертеңгілік ұсынамыз!

Құрметті ата-аналар, Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы. Ендеше театрымызда балаларға арналған ертеңгілікте бас қосып, Ұлыстың Ұлы күнін бірге атап өтейік!