Жетісу ән-күй мұрасы

Жетісу ән-күй мұрасыӨтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 2022 жылғы 10 қараша

Басталуы: 19:00

Жанр: дәріс-концерті

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Жетісудің ән-күй мұрасы» атты дәріс-концерт кешіне шақырамыз.

Жетісу өнерінің ән-күйі өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі, сонау Қабан жырау, Сүйінбай бабамыз, Дәурен салдардан бастау алады. Күйшілік өнеріне келсек, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сынды біртуар өнерпаздардың есімі Жетісудің ән-күй өнерімен тығыз байланысты. Одан бөлек 60-70 жылдары қазақ руханиятына мол олжа алып келген Дәнеш Рақышовтың әншілік мектебін де айтуға болады.

Концерттік іс-шараның мақсаты – Жетісудің дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің дамуына атсалысу, музыкалық және поэзиялық бағыттың ерекшелігін халыққа тереңірек түсіндіру болып табылады. Музыкалық кеште Жетісу өңірінің сал-серілері мен күйшілерінің туындыларын дәріптеп жүрген «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары сахнаға шығады. Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаев, Садықожа Машанұлы, Пышан Жәлмендеұлы және Қапез Байғабылұлының бұрын-сонды ел естімеген және кеңінен таралмаған әндері көрермендер назарына ұсынылады.

Іс-шараға белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ақан Әбдуалиев, ҚР Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Ерболат Шалдыбеков, Нұрболат Арзамасұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Батырлан Әбенов, халықаралық байқаулардың лауреаты Дінисламбек Жайлаубай, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бауыржан Бекмұханбетов, Арафат Сқақов пен Анар Құмарова, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елбол Қуанбек, Айдос Оңғарбай, Дарын Құдайберген, Бекарыс Көштаев, Есімқан Жасұлан қатысады.

Кеш жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!