Жас екпін

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР КӨРЕРМЕН! 

Сіздерді дирижер, Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты Руслан Балмасовтың «Жас екпін» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін концертіне шақырамыз!

Ұлттық музыка салтанат құратын кеште:

  • «Тұрмағамбет» атындағы халық аспаптар оркестрінің» бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеулімжай Ботабаев;
  • Еліміздің өзге өңірлерінен келген белгілі дирижерлер, Шымкент концерт «Концерттік ұйымының» қазақ халық аспаптар оркестірінің бас дирижері Ж.Мейірбеков; 
  • Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ә.Бейсеков; 
  • «Folk show» жобасының авторы әрі дирижері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ә.Әзбаев;
  • Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының магистранты Н.Әшімхан; 
  • «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ш.Исаев өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, филармония жанынан құрылған Хор ұжымы мен М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық Өнер мектебінің домбырашыларының өнерін тамашалай аласыздар!

Көңіл қылын шертер күй күмбірі мен халық әндерінің бай мұрасы Сіздер үшін! Ғасырлар көшінде жалғасқан ұлт өнерін бірге ұлықтайық!