Порочная страсть. Саломея в «Astana Ballet»

Жас Абай

жас абай

Өтетін орыны: Мангилик ел 55/2, объект В.2.3

Автор: Нұрлан Жұманиязов

Премьера күні: 15.12.2020 жыл

Қоюшы режиссёр: Нұрлан Жұманиязов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин

Жас санаты:12 +

Қосымша:  19:00-ден кешіккен көрермендер театрға жіберілмейді!

 

«Жас Абай» 
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сахналанған қойылым Абайдың жастық шағын баян етеді.

Спектакльде ақынның танымал поэзиясы мен өлеңдеріне жазылған белгілі әндерін тыңдап, бір-біріне құлай сүйген жандардың Абай мен Тоғжанның әсерлі махаббат оқиғасына куә бола аласыздар. Драмада алғаш рет ақынның қарындасы Кәмшаттың өлімі қозғалады.

Сонымен қоса жас Абайдың қоғамдық іске араласа бастаған кезін тамашалай аласыздар.
Қойылымда С.Мұхамеджанов, А.Жұбанов, М.Сағатов, Ғ.Жұбанова және т.б. танымал қазақ композиторларының шығармалары пайдаланылады.

Авторы – Мұхтар Әуезов, инсценировкасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, суретші – Айнұр Есболатова, хормейстер – Дилара Қарекенова, хореограф – Александр Виноградов, Әбілхайыр Кушкенов.