rebranding

Жаралы гүлдер. Ж.Шанин атындағы театрының гастролі

Өтетін орыны: Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

Автор: С.Жүнісов

Премьера күні: 11 наурыз 2020 жыл

Қоюшы режиссёр: Қуандық Қасымов

Қоюшы суретші: Қалтөре  Жұмақұлов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағ 15 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Қадірлі Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді  6 сәуір күні сағат 17.00 де С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмасына шақырамыз!

ХХ-шы ғасырда неміс фашистері дүниені дүрліктірген сұрапыл соғыстың ауыр жүгін қазақ ауылындағы жасөспірім балалар мен әйелдер арқалады. Бірінің – әкесі, бірінің – бауыры соғыс майданында қаза тапқан балалардың қайғысы мен бала көңілі Военкомның темірдей тәртіпке иген талабымен қосақтанған көріністер көрермен көңілінен орын табары сөзсіз. Жасөспірімдердің періштедей пәк жүректері сағыныш кернеген сәтте, бір-бірін жұбатады. Қиындыққа мойымаған жас ғұмырлар, тіршілік көгін тұмшалаған қара түнектен жарқын өмірге қарай ұмтылады.

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев.