Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Гамлет

«Гамлет» трагедиясы - Шекспирдің трагедиясы, Шекспирдің барлық трагедияларының ішіндегі ең күрделісі. Дүние жүзі әдебиетінде ешбір шығарма мұндай әр алуан пікір туғызған емес.

АҚШ әртісі Эдван Бут Гамлет рөлінде, ca. 1870. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы 1601 – 1602 ж жазылған. Оның сюжетін драматург ХІІ ғ. Саксон Грамматиктің көне хроникасынан алған – бұл Амлет деген дат бекзадасының тарихы. Шекспир бұл сюжетті жаңашылдықпен түсініп, образдарына терең әлеуметтік және философиялық мән беріп, мүлдем ерекше шығарма жазды.

Трагедияның әрекеті ортағасырлық Дания өтсе де, автор мұнда өзінің замандастарының типтік образдарын жасады, «шіріген дат мемлекетін» бейнелей отырып, ол өзінің кезіндегі Англияны көрсетті.

Құрметті тыңдармандар, қонақтарымыз бен орындаушыларымызға кедергі келтірмеу үшін есіктер спектакль басталғаннан кейін 15 минуттан соң жабылады.