ЖАННА Д’АРК

С.Цаневтің «ЖАННА Д’АРК» трагедиясы (ауд. Драматург Ө.Ахметов)  - француздың қоғамдағы әділетсіздікке қарсы тұрған жас  қыз Жанна Д`Арктың ажал алдындағы соңғы түні Тағдырмен арпаласы, мұңдасуы, ішіндегі зарын ашына ақтаруы бүгінгі қоғамдағы алуанқақтығыстармен үндесе берілген.

Спекталь – «Театр ішіндегі Театр» формасында ұтымды жазылған. Адам мен ісінің арасында алғашқы болмауы, әр ісіне жауаппен қарау керектігін бір түндік оқиғаға қиюын келтіре сыйдырған драманың көрерменге ой салары сөзсіз.