Мюзикл «Джулия» в Астане
103 человека за последний час интересовались этим событием.
Театр им. К. Куанышбаева

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр...

Купить билеты

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры театры (Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Өтетін күні мен уақыты: 24 желтоқсан 18:00

Дирижер: Маралжан Мырзақұлова

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

Жанр: концерт

Жас санаты: 12+

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді

 

Құрметті қазақ өнерінің сүйікті көрермендері! Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблі «Жаңа жыл - жаңа жыр...» атты концертін ұсынады.

Концертте ұлттық мәдени мұрамыз жаңаша бағытта өңделген қазақ елінің дәстүрлі музыкасы, қазақ халық күйлері мен әндері, ансамбль мүшелерінің өз жүректерінен шыққан жаңа туындылары орындалады.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі», Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова.

Ансамбль қазақ өнерінің ұлттық мұрасын дәріптеп, отандық музыка саласында өзіндік орны бар, қалың көрермен тарапынан зор сұранысқа ие үздік шығармашылық ұжым болып келеді.

Халық аспаптар ансамблінің репертуары көнеден қалған қазақ күйлеріне және заманауи авторлардың шығармаларына бай.

Ансамбль мүшелері: Жиеналин Дастан, Хамзин Данияр, Қайырбек Әлібек, Сахы Нұрболат (домбыра), Абенова Аида, Темірханова Аяжан, Хуан Ажар, Жақыпбай Мәнсия (прима қобыз), Нұрлан Әлемгүл (Қыл қобыз), Санабаева Аружан, Бағдат Алтынай (Шертер), Имашева Ақбота (Флейта), Самиғолла Бекзада (Жетіген, қобыз), Ануар Ақылбек (Бас, Баян), Абай Мадиар (Баян), Шөкенов Темірлан (домбыра, дауылпаз), Рахмет Қуаныш (ұрмалы аспаптар).

Концертте қазақ халық аспаптар ансамбліне арнап өңделген шетел және заманауи шығармалар орындалады.