Жан дауа
Автор: Б. Ұзақов
Премьера күні, жылы: 02.02.2018
Режиссёр: С. Акелеев
Жанр: психологиялық драма
Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут
Жас санаты: 14+
Актерлар: Шал - Қанатбек Ниязбеков ҚР «Мәдениет саласының үздігі»;
Кемпір - Сайраш Қопабаева ҚР «Мәдениет саласының үздігі» - Майра Арғынбекова ҚР «Мәдениет қайраткері»;
Ұлы - Жасұлан Серкетаев, Шалқар Арыстанбеков;
Қызы - Арай Маралбекова;
Нұрбол – Ернат Мұхаметханов, Еділ Мекешов.
Аталмыш қойылым замана індеті - нашақорлық жайында. Айрандай ұйып отырған отбасы, балаларының үгіттеуімен қалаға көшіп келіп, аталған індетке тап болады. Қойылым барысында бұл жолға қалай келді және осы дертке жанына дауа іздеп, жанұшырған ата-ананың жанайқайы, әлеуметтік тұрғыдан өзектілігі, көрермен қауымын қобалжытпай қоймайды.
Ұлтымыздың тілі, мәдениеті көрініс тауып, жат нәрседен тиылу мақсатында – рухани құндылықтарымыз, ұлттық кодты сақтауда, ұлт болып болашаққа қарай қарыштай қадам басуда қойылымның айтар ойы бар.