Лучшая музыка Disney и DreamWorks

«Ұмытылмас әндер»

Нұрғиса ТілендиевАстана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясың Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазан айының 27 жұлдызында сағат 19.00де Вальс королі Шәмші Қалдаяқовпен қазақтың ұлы перзенті Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Ұмытылмас әндер» атты кеш өткізеді.

Кеш аясында, Шәмші Қалдаяқов пен Нұрғиса Тілендиевтің «Арыс жағасында», «Сағынышым менің», «Бақыт құшағында», «Шығыстың Шолпаны», «Ана туралы жыр», «Өз елім», «Туған жер», «Сағындым ғой» сынды халыққа танымал һәм сүйікті әндер шырқалады. 

«Ұмытылмас әндер» концертіне Қазақстан және Татарстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Қайыржан Бердібай, Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Тұрлыбеков,Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Арайлым Рахымқызы, Шахризада Тыныштық, Алтынбек Әбілда, Дәстүр Асылхан, Мұратбек Хайролда, Дихан Ілияшев т.б қатысады.

Аталмыш кеш, санаға сәуле, жүректерге нұр шашады. Себебі, ешқашан ескірмейтін әндердің тұғыры биік.

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының    
концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Іс-шараның ұзақтығы: 90 минут.

Мекен жайы: «АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ,  Кенесары көшесі, 32.