Үміт үзгім келмейді (Не теряя надежды)

Н.Келімбетов
Драма

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы режиссерлер – Есмұхан Обаев, ҚР халық артисі
Төлеубек Аралбай, ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы суретші – Есенкелді Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Музыкамен көркемдеуші – Е.Қуантқанов
Режиссердің көмекшісі – А.Кабдешова

РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР: 

  • МЕЙІРБЕК – Т.Аралбай, ҚР еңбек сіңірген артисі

Ж.Садырбаев, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері

  • СОВЕТБЕК – А.Бектемір, ҚР еңбек сіңірген артисі

Ү.Сейтімбет

  • ДӘУЛЕТ – Ж.Әміров, Ж.Толғанбай
  • АСЫЛХАН – А.Сейтметов, ҚР еңбек сіңіреген қайраткері

Р.Сенкебаев

  • ҚАРЛЫҒАШ – Қ.Тілеуова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Г.Тұтова

  • ҚЫЗ – С.Құлымбетова, А.Бөкенбай
  • ЖАС ЖІГІТ – Қ.Мамытқалиев, Д.Мұсаев.

Неменеге жетістің бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр…
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
М.Мақатаев.

Үміт үзгім келмейді
драма

Неменеге жетістің бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр...
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...

М.Мақатаев

Драма оқиғасы аурухана палатасында өтеді. Драманың бас кейіпкері, бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. «Бақытты болу бір бөлек, ал бақытты екеніңді сезіне білу екінші бөлек нәрсе, яғни екеуі екі түрлі құбылыс» депті бір данышпан. Әттең кейбір пенделер бақытқа кенеліп жүрсе де өздерін бақытсыз санайды. Ал, сіздер бақыттысыздар ма?»
Бұл - оның өзіне де, қиырдағы ауылда құлын-тайдай тебісіп бірге өскен, кейін әрқайсысы өзіндік өмір таңдауымен ғұмыр кешкен, өз таңдауындағы өмір биігіне жеткен, бүгінде жастары жетпісті алқымдаған достары Советбек, Дәулет, Асылханға да қояр күрделі сауалы.
Драма кейіпкерлерінің өзара пікірталас-ой таратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын танылады. Дәулет- жан дәулетімен, Асылхан – туған топырақтан ажырамаған хандығымен, Мейірбек – құдайдың өзі өлшеп берген азды-көпті өміріне ырзашылығы, қанағатымен дараланады. Достардың арасында өмірлік жолын, бәлкім, дұрыс таңдамаған Советбектің өкініші көп...
Адамға берілген өмір – Алланың аманаты. Аманатқа – қанағат. Басқа қонған бақыт құсы дегеніңіз – адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, жақсылығы, мейірімі, ізгілігі. Бұл – спектакльдің жүлге- идеясы және ол кейіпкерлердің өмірі, өзара қарым-қатынастары арқылы ашылады. Драмада адамгершілік, имандылық мәселелері көтеріледі.