Скачай новое приложение Ticketon

Тыныштық күзетшісі

«Тыныштық күзетшісі»Өтетін орыны: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік ел көш, 55/2, B2-3

Автор: Д.Исабеков

Премьера күні: 23-24  желтоқсан 2020 жыл

Қоюшы режиссёр: Сайлау Қамиев

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин

Жас санаты: 12+

Қосымша: Зейнеткерлерге,  студенттерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға – 50 % жеңілдік

 

Сұрапыл соғыстың зардабын майданда от кешкен жауынгерлермен бірге ауылда Ұлы Жеңіс үшін жан аямай тірлік еткен еңбеккерлер қатар көрді. «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында» келесі қара қағаздың өздерінің үйіне келмесін тілеп отырған жандардың үміті, ішкі қайғы-мұңы бір адамның көтеретін жүгі емес еді. Осынау зұлмат уақытта ауылын жамандықтан қорғаймын деп мерт болған Демесін соғыс құрбандарының тізіміне неге кірмеді?! Мүмкін делқұлыны ерлік жасауға итермелеген басқа да себебі болған шығар?! 

Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасында әйел қауымының иығына түскен ауыртпалық, қиындыққа көніп туған, ерте есейген балалардың көрген азабы, тылдағы еңбек, бүкіл ауылдың үрейін ұшырса да, тыныштығын күзеткен Демесіннің  аянышты тағдырына куә боласыздар.

Ескерту:   Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24 қазан 2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы ҚАУЛЫСЫНЫҢ 3.42. тармағына сәйкес мәдениет объектілерінің  жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектеумен ұйымдастыру  жүргізілуде!