Торға түскен түлкі

«Торға түскен түлкі»/Шанина

Өтетін орыны: Шанин атындағы қалалық қазақ драма театры, Нурсат 2 ықшам ауданы, Н.Назарбаева даңғылы 6

Автор: Б.Бекжанов

Премьера күні: 2018

Режиссёр: Алмас Шымалиев

Қоюшы суретші: Батырбек Қабылбеков

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 45 минут

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Қадірлі көрермен! Сіздерді 21, 22, 23 қыркүйек  күндері сағат  11.00 де Б.Бекжановтың «Торға түскен Түлкі» ертегісіне шақырамыз!

Әлемдегі әр оқиғаның түбінде шындық жатады. Әу баста Түлкі иен далада, орманда еркін өмір сүрген. Бәріне кінәлі мінезі. Жолына кездескенді алдағысы, арбағысы келеді де тұрады. Бір емес, бірнеше рет алданған аңдар арасында наразылық туады. Аңдарды алдағанымен қоймай, адамдарды алдауға кіріседі. Шыдамы таусылған Шеңгел наразы жүргендерді біріктіріп, Түлкіге қарсы қояды. Көптің күші қойсын ба?! Жақсылықты түсінбеген Түлкіні ақыр түбі зообақтағы темір торға қамауға мәжбүр болады. Ертегінің пәлсапасы – өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. «Өзгеге ор қазған – өзі зорға жолығады»

Қоюшы режиссері – Алмас Шымалиев

Қоюшы суретші – Батырбек Қабылбеков

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев.