Репертуар театров в Усть-Каменогорске

Текебұрқақ Астанадағы фестиваль

Текебұрқақ Астанадағы фестивальӨтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана қаласы)

Спектакль авторы: Ш. Мұртаза

Қоюшы режиссері: А. Салбан

Жанры: пластикалық морфоза

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас шектеуі: 6+

Қосымша: С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық

қазақ драма театрының «Текебұрқақ» қойылымы Астана қаласында өтетін Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық театр фестивалі аясында көрсетіледі.

 

Адамзат қауымы - барлық тіршілік атаулыдан ең қатыгезі екені айдан анық.

Заман талабы өзгерген сайын қоғамға төнер қауіп қаншалықты алапат болғанымен, соншалықты тіршілік иелерінің арасындағы тепе-теңдік ұсталып тұрары һақ.

Жұмыр басты пенделер тіршіліктің қожасы емес, жаратылыстың бір бөлшегі. Сол жайттан хабар беретін Ш. Мұртазаның "Текебұрқақ" драмасы мың бір мәрте ойландыруға мүмкіндік береді.