«Соқыр үміт» Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрдың гастрольдері
Драма оқиғасында отбасыда орын алған қиындықтар баяндалады. Қылмыс жасаған үлкен ұлын құтқару үшін өрімдей жас, кенже баласының сотталуына себепкер болған ананың әділетсіздігі үлкен өкінішпен аяқталады.
Сондай-ақ, аталмыш туынды - камерлік қойылым (камерный спектакль) болып саналады. Қойылымға келген көрермен залда емес, сахнада отырады. Яғни, актерлардың рольді сомдауының шынайылығын сезінетін болады. Актерлармен бірге қуанып, бірге ренжіп сахна құдіретіне куә болып, артистердің шеберлігін тереңірек түсіну мүмкіндігіне ие болады. Сахнаға жол тартқан жаңа қойылым осынысымен ерекшеленеді. Драмада - адам санасында үнемі үзілмейтін үміттің кей сәттерде «соқыр», яғни күмәнді, дүдамал болатындығы суреттелінеді.
Қандай мәселе туындаса да адамның бойынан әрдайым адами асыл қасиеттердің жоғалмау керектігі туралы терең ой айтылады.