Смурфиктердің бастан кешкен оқиғасы
«Смурфиктердің бастан кешкен оқиғасы» ертегісі балаларға арналған ғажайып туынды. Оқиға желісі қызықты, жас көрермендерді өзіне баурап алады. Ертегідегі қара күштің иесі Жалмауыз, сұмдығы мен қулығын асырған Қарға, селт еткен нәрседен селк ететін қорқақ Қоян және Смурфиктердің жаңа жыл қарсаңындағы шытырман оқиғалары балаларды күлкіге көміп отырады. Ертегінің зұлымдық пен жауыздықтан сақтану, достыққа адал болу, әлсіздерге қамқорлық көрсету секілді ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні үлкен.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!