98 человек за последний час интересовались этим событием.
Театр им. К. Куанышбаева

Рухты Ел

Купить билеты

Рухты ЕлӨтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ муызкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1)

Бас дирижер: Маралжан Мырзақұлова

Жанр: концерт

Жас санаты: 12+

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қуандық Қыстықбай

 

 

 

 

Қаллеки театрының халық аспаптар ансамблі қазақ өнерінің ұлттық мұрасын дәріптеп, отандық музыка саласында өзіндік орны бар, қалың көрермен тарапынан зор сұранысқа ие үздік шығармашылық ұжым болып келеді. Ансамбль қазақ ұлттық аспаптары домбыра, сыбызғы, дауылпаз, шаңқобыз, шіңкілдек, саз сырнай, жетіген, қыл қобыз, т.б. музыкалық аспаптарды жетік меңгерген әмбебап орындаушылардан құралған. Халық аспаптар ансамблінің репертуары көнеден жеткен қазақ күйлеріне және заманауи авторлардың шығармаларына бай. Ансамбльдің ерекшелігі әрбір орындаушы бір аспапта ойнап қана шектелмей, бірнеше аспапты да жетік меңгерген.

Моңғолиядағы «Asia Folk 2021»  және Франциядағы «Nouvelles Etoiles» Халықаралық фестивалі мен байқауларында екі мәрте 1-орын және Гран-ПРИ иегері, т.б байқауларда жүлделі орын алды. Ансамбль мүшелері Халықаралық байқаулардың лауреаттары, 18 ең үздік әмбебап музыканттардан құрылған. Атап айтсақ, Жиеналин Дастан,  Нұрмағанбетов Жетпіс, Хамзин Данияр , Қайырбек Әлібек, Сахы Нұрболат (домбыра), Абенова Аида, Темірханова Аяжан, Ашимова Айгерим, Жақыпбай Мәнсия (прима қобыз), Нұрлан Әлемгүл (Қыл қобыз), Санабаева Аружан, Бағдат Алтынай (Шертер), Турсунова Диана (Флейта, Саз сырнай), Самиғолла Бекзада (Жетіген, қобыз), Ануар Ақылбек (Бас, Баян), Абай Мадиар (Баян), Шөкенов Темірлан (домбыра, дауылпаз), Рахмет Қуаныш (ұрмалы аспаптар).

Концертте алғаш рет Ануар Ақылбек «Qalleki», «Қазақ хaндығы», Рахмет Қуаныш  «Анама», Нұрмағанбетов Жетпіс «МұзТау», Темірлан Шөкенов «Рухты ел» және қазақ халық әндері, және т.б. жаңа нұсқасы орындалады.